Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2024 (страница 92)

Годовые архивы: 2024

​Шымкенттік кәсіпкерлер су басқан өңірлерге көмек жіберді

Шымкенттің бизнес қауымдастығы қалалық кәсіпкерлер палатасымен бірге төтенше жағдай жарияланған өңірлерге көмек қолын созды. Өңірлік палата директоры Сабира Адамбекованың жетекшілігімен үйлестіру штабы жедел ұйымдасып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне және іскер әйелдер кеңесіне мүше кәсіпкерлер бөлген заттай көмек Палата жанындағы қоймаға жиналды. Арасында тұрғындарға бірінші қажет заттар мен бөгетке құруға тапшы күректерден бастап жеке гигиена құралдары, азық-түлік, төсек ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ САЯБАҚТА АҒАШ ЕКТІ

Бүгін Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында ағаш егілді. Басты мақсат- қаланың көркіне сән беретін ағаш қорын арттыру. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ағаш егу акциясына БАҚ өкілдері, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары қатысты. Нәтижесінде 60-қа жуық ағаш отырғызылды. Ағаш- даму мен өркендеудің белгісі. Бүгінгі отырғызылған ағаштардың тамырлары тереңге жайылып, өссе болашақта ...

Толығырақ »

МЕКТЕП МАҢАЙЫ ТАЗАРТЫЛЫП, АҒАШ ЕГІЛДІ

«Жасыл желек – жанға сая. Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі»- деген Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Менің таза өлкем» тақырыбында тазалық жұмыстары атқарылды. Мектеп маңайын тазартумен қатар, көгалдандыру мақсатында жасыл шыршалар отырғызылды. Айта кету керек, соңғы жылдары ғаламдық экологияның шектен тыс бұзылуына байланысты ағаш егу ...

Толығырақ »

«ШЫМКЕНТ-ТАЗА ҚАЛА»: АКЦИЯ АЯСЫНДА АЯЛДАМАЛАР МЕН КӨШЕЛЕР ТАЗАРТЫЛДЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы аумағындағы 5 аудан әкімдіктерінің коммуналдық қызметкерлері көшелерді тазартып, абаттандыру жұмысын жүргізді. Экологиялық акцияның бірінші кезеңі «Таза өлке» тақырыбы бойынша өтуде. Акция ның бірінші кезеңі14 сәуірге дейін жалғасады. Жоспарланған жұмыс шеңберінде қаладағы аялдамалар мен аяқжолдар жуылып, жол жиектері қоқыстан толық тазартылды. Жерасты және жерүсті өткелдері мен халық көп қатынайтын көшелер де сумен жуылып, тазаланды. ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ РАСШИРИЛИ СПИСОК ИМЕЮЩИХ ПРАВО НА БЕСПЛАТНЫЙ ПРОЕЗД В ОБЩЕСТВЕННОМ ТРАНСПОРТЕ

В настоящее время право бесплатного проезда в городе Шымкент предоставлено инвалидам первой группы, обладателям нагрудных знаков «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа», инвалидам по зрению с одним сопровождающим и участникам тыла. Школьники от 7 до 18 лет оплачивают 50% от тарифа, а для студентов стоимость проезда составляет 50 тенге. Учитывая социальную значимость этого вопроса, аким города Габит Сыздыкбеков принял решение ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕТІН ЖОЛАУШЫЛАР ҚАТАРЫ АРТАДЫ

Шымкент қаласының қоғамдық көлік саласында оң өзгерістер енгізіліп отыр. Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иегерлеріне, Тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған. Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қала әкімі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ АУМАҒЫНДА ЖАЛПЫ АУМАҒЫ 869 ГА ҚҰРАЙТЫН 5 ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Жаңа кәсіпорындар өңір экономикасына жаңа серпін беруі тиіс. Президент өз Жолдауында осы мәселеге басымдық беріп, елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек. 2024 жылдың 3 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 98,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,9% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 15 БАЗАРДЫҢ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр. Осы орайда, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс пен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» баспасөз конференциясы өтті. Шымкент қаласы аумағында орналасқан базарлар қайта жаңартудан өтуде. Бүгінде қала аумағында 19 базар жұмыс ...

Толығырақ »

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылдық округінде болып, белгілінген кестеге сай тұрғындармен кездесті. Онда алдымен биылғы жылы аудан көлемінде атқарылар жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ауылдық округтегі бірқатар мәселелерді де қамтып өтті. — Бүгін қасиетті ораза айтының алғашқы күнінде сіздермен кездесіп отырмыз. Алдарыңызға келіп, кездесудегі мақсатымыз өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз назарға ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында аудан басшысы алдымен қараша айындағы кездесуде көтерілген мәселелер бойынша тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. – Әкімнің міндеті – халықпен кездесу, ауылдың жағдайын білу. Өзінің құзыреті аясында мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау. Барлық жұмыстар кезең — кезеңімен, маңыздылығына байланысты жүзеге асады. Айта кетсем, алдыңғы ...

Толығырақ »

ЖАСЫЛ ЕКПЕЛЕР ШАРБАҚПЕН ҚОРШАЛЫП, АҒАШТАР РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

Арыста «Таза өлке» апталығы қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, қала сәулетін бұзатын, иесіз қалған ескі ғимараттарды сүруден бастап, арық-атыздар мен каналдарды тазалау, жасыл екпе егу, оны күтіп ұстау секілді ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Арыс-Шымкент тас жолы бойына егілген жасыл екпені шарбақпен қоршау барысы. Бұл жұмыстарды «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары асқан ыждахатпен істеуде. Ағаштарды тиісті өлшеммен біркелкі етіп қырқудан бастап, оның ...

Толығырақ »

ОТЫРАРЛЫҚТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бастау алған болатын. Экологиялық шараны әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өткізу жоспарланған. Бүгін отырарлықтар республикалық акцияға өз үлестерін қосып, «Таза өлке» апталығы аясында аудан орталығындағы көшелердің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында «Жібек Жолы» даңғылының бойындағы арамшөптер оталып, арнайы техникалармен күл-қоқыстар шығарылды. Көше бойындағы, саябақтардағы орындықтар сырланып, ағаш-талдардың түптері әктелді. Жалпыхалықтық шараға 300-ге ...

Толығырақ »

ҚАТЫН КӨПІР ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Аудан әкімі Бухарбай Пармановтың тұрғындармен тұрақты кездесу Қатынкөпір шағын ауданында өтті. Кездесу барысында Қатынкөпір шағын ауданында биыл атқарылатын жұмыстар баяндалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Ағымдағы жылы шағын ауданда 7 көшеге асфальт төсеу, 14 көшеге жарықшам орнату және 5 көшеге ирригациялық жүйелер орнатылатын болады. Атап айтқанда: Асфальт төселетін көшелер: Юсупов, Қасқабаев, Қабылбеков, Үржар, Ақбақай, Әзірбаев, Низами тұйығы және Сәтпаев тұйығы. Жарықтандарылатын ...

Толығырақ »

ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасымен қала бойынша бір уақытта, Ораза айт намазы оқылды. Тұран аудандық «Қождан ата» мешітінің Бас имамы Құрманбаев Батырхан мешіт жамағатын айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ Төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізді. Айт намазға Тұран ауданының әкімінің орынбасары Жанаев Асылжан Дәулетханұлы мешітке келіп, Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлының арнайы құтықтау сәлемін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨПҚАБАТТЫ АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕР САЛУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Өткен жылы 900 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауына алынған. Бүгін облыс әкімдігінде арендалық тұрғын үй салу бағытындағы мәселелер талқыланды. Оған жауапты басқарма ...

Толығырақ »

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: АЗАМАТТАР ҚАЛАНЫ ДАМЫТУДА ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауына жазылған 53 азаматтың мәселесін тыңдап, шешімін қарастырды. Қабылдау барысында мәдениет, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін заңдастыру мәселелері көтерілді. Тұрғындар қалада туризм салаларына дамытуға қатысты, білім беруде процестерді автоматтандыруға бағытталған жобаларымен қатар жаңа ескерткіштер орнатуға қатысты бастамаларын ұсынды. Қала басшысы мегаполисті дамытуда ұсыныстарын білдірген азаматтарға алғысын айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «TURKISTAR» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бүгін Түркістанда «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арасындағы ән жанры бойынша облыстық өнер фестивалі өтті. Байқауды облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Бүгінгі байқау мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткізіліп отыр. Дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш фестиваль халық ...

Толығырақ »

КЕМЕРБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ТӨРТ БІРДЕЙ ІШКІ ЖОЛДАРЫ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Биыл «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасының шапағатын Кемербастау ауылдық округінің тұрғындары көретін болады. Былай дейтініміз бағдарлама аясында биыл соңғы жылдары аудан әкімінің халық алдындағы есептік жиындарында кемербастаулықтар тарапынан жиі көтеріліп келген Елтай ауылы, Кенжетаев, Жәрімбетов ауылы, Ақментай баба және Кемербастау ауылы, Қ.Лес, Т.Балтабаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған ауылдық округі тұрғындарының алдындағы есептік ...

Толығырақ »

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына қазығұрттықтар да өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Атаулы акция аясында аудан бойынша 18633 түп түрлі көшеттер отырғызылып, мекемелер мен қоғамдық орталарға гүлдер отырғызылды. Сондай-ақ, аудандағы кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық және көктемгі жұмыстарды атқарды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аудан тұрғындары, белсенді ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 қарашадағы №399 Жарлығын іске асыру аясында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың биылғы жылы алғашқы кездесуі Бірінші Мамыр ауылдық округінде өтті. Бірінші Мамыр мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиында аудан әкімі ауылдық округ халқын Ораза айтымен құттықтап, халықты толғандыратын әлеуметтік ...

Толығырақ »

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІ ӘКІМІНІҢ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІН КӨРСЕТІП ТҰРАДЫ”

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Төрткүл елді мекеніне барып, тоғыз жолдың торабындағы ауылдың тазалығын, абаттандырылуын бақылап көрді. Ауылды кіре берістен жаяу аралаған аудан басшысы бірінші кезекте жол бойының тазалығына назар аударды. Ауыл әкіміне жол жиегіне бей-берекет қоқыс тастағандар болса, оларды анықтап, заң аясында шара көруді тапсырды. Сондай-ақ қоршауларды, электр бағаналарын, бардюрлерді сырлау, ағаштарды ақтау, бұтау, тозығы жеткен кейбір ...

Толығырақ »

700-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Полиция қоршаған орта тазалығына нұқсан келтірген 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады Түркістан облысының полицейлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, жасыл екпелерді жою және бүлдіру заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жасап келеді. Мәселен полицейлермен осы бағытта атқарылған жұмыстың 2 тәулігінде 739 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілік қаралды. Атап айтсақ, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АВТОБУС ПАРКТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2024 жылдың 09 сәуірінде Полиция басқрамасының бастығы А.Әмзеев қала аумағындағы жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысатын «Туркестанская Транспортная Компания», «Shymkent Bus» және «Радуга-транспорт» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, қылмыстың алдын алу бойынша бірқатар мәселерді талқыланды. Жалпы 3 автопаркінде 500-ге жуық автобустары күнделікті қала аумағында мыңдаған тұрғындарды тасымалдап, халыққа қызмет етуде. Барлық автобустар заманауи бейнекамера және аудио системамен жабдықталған. Осыны ескерген А.Әмзеев аталған ЖШС-нің өкілдерімен ...

Толығырақ »

ЭНЗООТИЯЛЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кенелерге қарсы жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау және жою бойынша бірқатар іс-шаралар тізбегі жоспарланған. Энзоотиялық іс-шараларды атқаруға 1878 маман жұмылдырылды. Іс-шараны атқаруға қажетті 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөлігі, 19 дана мотопомпа жұмылдырылып отыр. Осы орайда Ветеринариялық Қызмет Түркістан Облысы мекемесінің басшысы Бақытжан Бегманов кенелерге қарсы көктемгі ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ПРОХОДИТ АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

Накануне по поручению главы государства в регионах стартовала акция «Таза Қазақстан». В связи с этим город Шымкент активно начал работы по озеленению. Сегодня в рамках данной акции на ряде улиц Шымкента проведены работы по озеленению и уборке, уходу за деревьями. Основная цель этой инициативы — привлечение внимания общественности к важным вопросам защиты окружающей среды и проблемам экологии. Все городские учреждения ...

Толығырақ »