Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2025 » Ноябрь

Месячные архивы: Ноябрь 2025

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОП 2025 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Достық үйінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жылдық қорытынды отырысы өтті. Жиынға қаланың жетекші ғылыми қауымдастығының өкілдері, түрлі этномәдени бірлестіктердің мүшелері, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Отырысты Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Қайрат Анарбаев ашып, 2025 жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. «Биыл біз қоғамдағы бірлік пен келісім мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерделеп, сараптамалық талдауларды жүйелі жүргізуге басымдық бердік. Этносаралық қатынастардың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 2025 жылға арналған қорытынды отырысы өтті. Жиынды Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп, жыл бойы атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды. Кеңес мүшелері 2025 жылы жүзеге асқан бастамалар, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытындағы іс-шаралар, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдады. Әсіресе қоғамдағы әйелдер рөлі, отбасындағы татулық пен ұлттар арасындағы бірлікті нығайту ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқарудың жаңа нысандарына көшу мәселелері бойынша кеңейтілген басқосу өтті. ICERT халықаралық сертификаттау орталығының бас директоры Ержан Халбаев, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының өкілі Айбек Әлібеков жаңа заң талаптарын түсіндіріп, олардың жүзеге асу тетіктерін таныстырды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, елімізде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу үдерісі басталды. ...

Толығырақ »

АБАЙ АУДАНЫНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және аудандық прокуратура, полиция департаменті, дағдарыс орталығы мен аудандық отбасы және демографиялық саясат комиссиясы мүшелерінің бірлесе қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтіп жатыр. Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елімізде кең көлемде аталып өтетін бұл науқанның екінші күнінде қала бойынша флешмоб ұйымдастырылды. Аудан аумағында өткен шарада Абай ауданына қарасты Шымсити, Ақжайық, Асар, ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАП ОТЫР. АЛ КЕЙ БЛОГЕРЛЕР НЕГЕ КЕРІ ТАРТҚАНДАЙ?

Кеше желіні шолып отырып, көзіме бір «ақпарат» ілікті. Ақпарат дегеннен гөрі ашуын баса алмай, ойына не келсе соны төге салған видеоға көбірек ұқсайды. Көріп болған соң, шынымен таңғаласың. Біреуді қаралау оңай, ал фактіні түсініп айту неге сонша қиын болып кеткен? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан сөз бар: «Отандық кәсіпкерлер – ел экономикасының тірегі». Айтқаны – ақиқат. Елге жұмыс беріп отырған сол ...

Толығырақ »

Женское предпринимательство Шымкента — двигатель экономики и социальной ответственности

Шымкент, один из крупнейших мегаполисов Казахстана, демонстрирует впечатляющие темпы развития женского предпринимательства. В городе, где зарегистрировано более 140 тысяч юридических лиц, свыше 55% из них возглавляют представительницы прекрасного пола. Эта цифра охватывает как крупный, так и малый бизнес, и однозначно свидетельствует о важнейшей роли бизнес-леди в общественно-экономической жизни региона. Основной движущей силой в развитии женского бизнеса в Шымкенте выступает Городская ...

Толығырақ »

Әйел кәсіпкерлерді қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Халық арасында «Әйел затының қырық жаны бар» деген әзіл-шыны аралас сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен шындық жатыр: әйелдердің табандылығы, көп функциялылығы және өмірдің барлық саласындағы белсенділігі олардың бизнесте де жетістікке жетуінің басты кепілі. Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанның ірі мегаполисі – Шымкентте әйелдер кәсіпкерлігінің қарқыны өте жоғары. Қалада тіркелген 140 мыңнан астам заңды тұлғаның 55 пайыздан астамы нәзік жанды арулардың ...

Толығырақ »

 ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНЫ ӨКІЛДЕРІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ

Арнайы және құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік орган өкілдерімен «есіркті қылмысына қарсы іс-қимыл және қабылданып жатқан шаралар» мен «кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» жөнінде Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардан бөлек, мәслихат депутаттары, діни ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, қоғамдық ұйымдар, бизнес қауымдастығы, мектеп басшылары, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты. Қазіргі таңда ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуын және кәсіпкерлік нысандарының қызметін бақылаудан өткізді. Аралау барысында Шаяхметов пен Ерімбетов көшелерінің арасындағы жол учаскесінде аяқталған жөндеу жұмыстары қаралды. Бұл жоба қала тұрғындарының жол қозғалысын жеңілдетуге, кептелістерді азайтуға және көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі саналады. Сонымен қатар қала әкімі Тұран ауданында орналасқан, кәсіпкерлік нысандарының қасбетіне ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубы 2025 жылғы жұмысын қорытындылап, жаңа жылға арналған ақпараттық жоспарларымен бөлісті. Жиынға өңірдің жетекші журналистері, блогерлері, медиасаланың жас мамандары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Клуб төрағасы Әбдез Иманқұлов өз сөзінде Ассамблеяның 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларды ақпараттық қолдау барысында жасалған жұмыстардың нәтижесін атап өтті. «2025 жыл біздің клуб үшін қарқынды әрі мазмұнды болды. ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

Шымкентте ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған «Халық мұрасы – халық қазынасы» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шарада қазақ қолөнерінің сан алуан түрі, ұлттық нақыштағы бұйымдар мен заманауи үлгіде әзірленген туындылар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге 60-тан астам отандық шебер қатысып, әрқайсысы өз қолтаңбасымен ерекшеленетін бұйымдарын әкелді. Солардың бірі – BOSAGA.KZ брендінің негізін қалаушы Гүлмира Молдиярқызы. Ол ағаштан түрлі ...

Толығырақ »

 БОЛЕЕ 100 МЕМОРАНДУМОВ О СТАБИЛИЗАЦИИ ЦЕН И СДЕРЖИВАНИИ ИНФЛЯЦИИ ЗАКЛЮЧИЛИ В ШЫМКЕНТЕ

В Шымкенте состоялось знаковое событие для обеспечения экономической стабильности региона: между акиматом города и более чем 100 субъектами предпринимательства были заключены Меморандумы о взаимном сотрудничестве. Ключевая цель этих соглашений — стабилизация цен на социально значимые продовольственные товары (СЗПТ) и принятие совместных мер для эффективного сдерживания инфляционных процессов. К масштабной инициативе, направленной на защиту интересов потребителей, присоединились ключевые игроки продовольственного рынка. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚТЫ ОТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР МІНДЕТ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы бірлесіп, аталған оқу орнында «Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – стратегиялық маңызы бар міндет» атты тақырыпта кең ауқымды іс-шара өткізді. Фармацевтика саласының мамандары мен өндірістік кәсіпорындардың жетекшілері қатысқан жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған отандық фармацевтика өндірісін ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІСТІК ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент – өндірісі қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Өндіріс көлемінің өсуі қала экологиясына түсетін жүктемені де ұлғайтты. Бұрын кәсіпорындар шығарындыларын өздері есептеп, қағаз жүзінде ұсынып келгендіктен, нақты бақылау мүмкіндігі шектеулі болды. Ал ауа сапасына қатысты тұрғындар шағымы, түтін, шаң, жағымсыз иіс, жылдан жылға азаймай келді. Соңғы жылдары бұл жүйе түбегейлі өзгерді десек болады. Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі енгізген ...

Толығырақ »

Медициналық ұйымдарда «Ашық есік күні» шарасы өтті

Шымкент қаласында өткен «Ашық есік күні» аясында жүздеген тұрғынға тегін медициналық кеңес пен диагностикалық қызмет көрсетілді. Қала емханалары мен онкологиялық орталығының дәрігерлері шара барысында қатерлі ісікке күдікті жағдайларды және созылмалы ауруларды анықтап, олардың асқынуының алдын алуға мүмкіндік берді. Кезекті «Ашық есік күні» бүгін Шымкент қалалық №6 емханада ұйымдастырылды. Нефролог, кардиолог, хирург, маммолог сияқты бейінді мамандар және жалпы тәжірибелік дәрігерлер азаматтарға ...

Толығырақ »

Тұрғындарға төтенше жағдайдан сақтану жайлы түсіндірілді

Бүгін Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында ауқымды алдын алу шаралары жүргізілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бірлесе отырып, өрт қауіпсіздігі мен тұрмыстық газдан уланудың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып отыр. Қала аумағындағы бес ауданның тұрғындарын қамтыған ақпараттық шараға 80-ге жуық ерікті жас қатысып, мамандармен бірге үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, ...

Толығырақ »

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ СЕРІКТЕСТІК ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН СӨЗ ЕТТІ

Шымкент қаласының әкімі Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксуорспен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық байланысты кеңейту, білім беру, туризм және медицина салаларында ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Қала басшысы Елшіге Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті, жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақтар және кәсіпкерлік жүргізуге жасалған ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» атты мазмұнды кездесу өтті. Басқосуда еліміздегі гендерлік саясат, әйелдердің құқықтары мен қоғамдағы рөлі, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараның мақсаты — қазіргі қоғамдағы әйелдің орнын айқындау, олардың әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірге белсенді араласуын қолдау, гендерлік теңдікке қатысты ой-пікірлерді ортаға салу және зорлық-зомбылыққа жол бермейтін мәдениетті қалыптастыру. Кездесу барысында ...

Толығырақ »

Возрождение реки Кошкар ата

Шымкентская река превращается в современную рекреационную зону. В Шымкенте активно осуществляется проект по благоустройству реки Кошкар ата, направленный на улучшение экологической ситуации и формирование комфортного общественного пространства для жителей. Инициатива акимата мегаполиса, который ставит приоритетом озеленение города и рациональное использование природных ресурсов, уже начинает приносить конкретные результаты. Кошкар ата – это особый природный объект, который считается стержнем историко-культурного ландшафта Шымкента. ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ САХНАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚОЙЫЛЫМ: «РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА» ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қалалық опера және балет театрында Шарль Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсы алғаш рет қазақ сахнасында қойылуына байланысты Бақ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға театр директоры Майра Мухамедқызы, қоюшы режиссер Янис Коккос, балетмейстер Натали Ван Парис және костюм дизайнері Сабира Даулеталиева қатысып, операның дайындық кезеңі және премьера барысы туралы кеңінен ақпарат беріп Бақ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Театр директоры ...

Толығырақ »

Антигонаның рухы – Шымкент сахнасында

Шымкент жастар театрының жаңа маусымындағы есте қаларлық кеш өнер сүйер қауымды бір арнаға тоғыстырды. Театр сахнасында әлемдік драматургияның жауһары – француз жазушысы Жан Ануйдың «Антигона» трагедиясы тұңғыш рет сахналанып, көпшілікке ұсынылды. Бұл — театр репертуарындағы алғашқы еуропалық классика, сол себепті премьера алдындағы толқудың да салмағы ерекше еді. Қойылым басталған алғашқы минуттардан-ақ көрерменді заманауи шешімдер, жарық пен музыканың үйлесімділігі баурап әкетті. ...

Толығырақ »

ГОРОД, КОТОРЫЙ ЧИТАЕТ: В ШЫМКЕНТЕ ФОРМИРУЕТСЯ НОВАЯ КУЛЬТУРА

Проект «Читающая нация», направленный на реализацию концепции массового формирования культуры чтения, инициированной Президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым, активно реализуется в городе Шымкент. В проекте участвуют 66 000 человек. В том числе: 26 099 школьников, 18 233 студентов, 6 114 педагогов, 15 510 семей, 546 государственных служащих. Между участниками проекта формируется настоящая интеллектуальная среда, чтение становится частью повседневной жизни. В городе складывается ...

Толығырақ »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕҢ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Әл-Фараби аудандық әкімдігі мен Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастамасымен Тәуелсіздік саябағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы ұйымдастырылды. 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығын қамтитын бұл шара – елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың жолын кесу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы кешенді жұмыстардың бір бөлігі. Акцияның негізгі міндеті отбасылық қатынастардағы қауіпсіздік мәдениетін нығайту, және тұрғындарды осы бағытта қабылданып ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАУАРЛАР БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласында азық-түлік тауарларының бағасының өсуінің алдын алу мақсатында қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті. Игі шараға ірі сауда желілері, жергілікті тауар өндірушілер, қала базарлары, дистрибьюторлар мен көтерме сауда өкілдері қатысып, бағаны тұрақтандыру бағытында бірлескен міндеттемелерді қабылдады. Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов меморандумның маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта күнделікті жүргізілетін мониторинг нәтижесінде инфляция деңгейін төмендетуге мүмкіндік бар ...

Толығырақ »

ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ПАЛУАНДАРДЫ КҮТІП АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Жапонияның Токио қаласында өткен XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындарында Шымкент қаласының спортшылары табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына екі жүлде салды. Еркін күрестен Шадияр Пернеш алтын, Сабыржан Рсалы қола жүлдеге ие болған еді. Тарихи жеңіске жеткен спортшыларды бүгін Шымкент халықаралық әуежайынан күтіп алу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат ...

Толығырақ »