Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2024 (страница 10)

Годовые архивы: 2024

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУДА

Ағымдағы жылдың басында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың Қарақай ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде өзекті деген 6 мәселе көтеріліп, оның 4-і шешімін тапса, қалған 2-і орындалу үстінде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Жетісай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нақтырақ айтар болсақ, Кетебай елді мекеніндегі егістік жерлердегі сарқынды суларды қашырту үшін 2 шақырым қашыртқы қазылып, жалпы ұзындығы 15,5 шақырымды ...

Толығырақ »

ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

2024 жылдың 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде жастар және жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстанның ұлттық құрама команда сапында ауданымыздың екі спортшысы Тұрлыбай Ерубай және Мұхит Айсұлу өнер көрсетті. Әлемнің 26 мемлекетінен 500 ге жуық боксшы қатысқан байрақты бәскеде ауданымыздың боксшылары қарсылатарын айқын басымдылықпен жеңіп, Тұрлыбай Ерубай 80 келі салмақ дәржесінде ақтық бәсекеде Өзбек ...

Толығырақ »

БІРЛІК АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНУДА

Халықтың сұранысына орай Келес ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында 45 орындық дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Бұл ғимарат кең әрі ыңғайлы болмақ, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Келес Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бір қабаттан тұратын ғимараттың құрылысын «Шаңырақ» өндірістік коопретиві жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы құйылып, қабырғалары тұрғызылуда. Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысысмен жүзеге асып жатқан құрылыс ...

Толығырақ »

КЕНТАУДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары басталып жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Кентау Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Жандос Тасов ауылда атқарылып жатқан құрылыстардың жұмыс барысын бақылады. Алдымен ауылдағы осы сәтке дейін өзекті мәселеге айналған 300 орынды мәдениет үйінің құрылысына барды. Жалпы, 2016 жылы жобалау-сметалық құжаттамаға қайта түзету енгізіліп, ...

Толығырақ »

ЕКІ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шымкент қаласында “Nar Media” киностудиясының “Батыл ханшайым” драмасы мен “Жау жүрек жеті бала” фантастикалық фильмнің премьерасы өтті. Екі фильмнің тұсаукесеріне актерлар мен түсірілім командасының басқа да мүшелері қатысты. Бұл туындылардың сценариін елімізге көптеген тәрбиелік мәні бар, өскелең ұрпаққа үлес қосар сценарилері жарық көрген Құндыз Тұрланқызы жазған. Құндыз Турланның ең өзіне ұнаған туындысы “Батыл ханшайым” драмасы екен. Ондағы сюжет анасының өліміне ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ В РАМКАХ ОСМС БОЛЕЕ 70 МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ ОКАЗЫВАЮТ РЕАБИЛИТАЦИОННУЮ ПОМОЩЬ

В Шымкенте на сегодняшний день реабилитационную помощь пациентам оказывают 72 медицинские организации. В лечебных учреждениях оказывают реабилитацию по кардиологическим, кардиохирургическим, неврологическим, нейрохирургическим, травматологическим и ортопедическим направлениям взрослому населению, а также по широкому кругу профилей детям. В системе ОСМС медицинская реабилитация доступна застрахованным гражданам и оказывает большую помощь пациентам в восстановлении и возвращении к нормальной жизни. По данным филиала ФСМС по ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ 70-ТЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН КӨРСЕТУДЕ

Шымкентте бүгінгі таңда 72 медициналық ұйым науқастарға медициналық оңалту шараларын көрсетуде. Емдеу мекемелері кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша ем-дом жасайды. Медициналық оңалту МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға қол жетімді және науқастардың қалыпты өмірге қайта оралуларына орасан көмегін тигізуде. ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, жыл басынан бері дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 2000-ға ...

Толығырақ »

Келешекке арналған жоба

АЭС туралы айта бастағанда, көлденеңдеп көп сауал алдымыздан шығады. Солай болуы заңды да. Бұрын-соңды жасап көрмеген ісіміз болған соң күмәндану – адами түйсікке тән құбылыс. Бірақ жөнсіз қорқынышқа жол берудің тағы орайы жоқ дейді кәсіби мамандар. Көпшілік айтып жүрген көп түйткілдің екеуі – АЭС-ке жауапты жергілікті мамандардың даярлығы және мәселенің экологиялық қыры жөнінде сарапшылар пікірін білудің сәті түскен еді. Өзіміздің ...

Толығырақ »

Жаһандық ядролық физика ғылымында орнымыз бар

АЭС тақырыбы күн тәртібіне енгелі жұртшылық бұл тақырыпқа елеңдеп жүр. Энергетика қауіпсіздігі мәселесінде таңдау, әрине, байыпты болуы керек. Таяуда «Ұлттық ядролық орталықтың» бас директоры Ерлан Батырбековті сұхбатқа тартып, отандық ядролық физика мен АЭС-ке қатысты бірқатар сұрақ қойған едік. – Ядролық физика саласындағы отандық ғалымдардың еңбегі мен ғылыми жетістігі көп ескеріле бермейді. Отандық ядролық сала ғалымдары мен мамандардың жаһан-дық өлшеміне сай ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 1 041 мектеп, 21 интернат ұйымы және 1 425 балабақша асханамен, буфетпен қамтамасыз етілген. Осы нысандардың асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы, балаларға таратылатын тамақтардың дайындалу технологиясы, сапасы мен қауіпсіздігі нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы қажет. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді. «Білім беру нысандарындағы тамақтың сапасы, қауіпсіздігі, дайындалуы, жиһаздармен жабдықталуы, қызметкерлердің медициналық ...

Толығырақ »

Шымкентте іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына қарасты іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Кеңестің жетекшілері мен белсенді мүшелері, Палата қызметкерлері қатысты. Кеңес отырысында Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Алма Архабаева алғысөз алып, қоғамдастықтың мақсаты, құндылығы мен алдағы жобалар туралы айтып өтті. «Іскер әйелдер кеңесі құрылғалы бергі 10 жылдан астам уақыт ішінде қыруар жұмыс атқарылды. Бүгінде Кеңесті дәлелдеудің қажеті жоқ, себебі, көпшілік Іскер әйелдер ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы бойынша Халықтық штаб мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Жиынды кеңес төрайымы, Шымкент қаласы бойынша Халықтық штабтың мүшесі Баян Жандосова жүргізді. Қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары, штаб жетекшісінің орынбасары Ербол Байқонысов, кеңес мүшелері, партия қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Халықтық штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ДИҚАНДАР 86 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков баспасөз конференциясын өткізді. Брифингте Қайрат Мейірханұлы Шымкентте бүгінгі таңға дейін 26,5 мың мың га жерге дәнді-дақылдар егіліп, одан 86,0 мың тонна өнім жиналатынын айтты. – Жалпы ағымдағы жылғы ауа райының қолайлылығын ескере отырып, болжаммен 86,0 мың тонна өнім алу күтілуде. Тамыз айында ауыл шаруашылығы жалпы ...

Толығырақ »

ЖАСТАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жастар ресурстық орталығында «Заң сіз бен бізге ортақ» тақырыбында құқық қорғау орган қызметкерлері жастармен кездесу өткізді. Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев, Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Қарбеков, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Дәурен Тұрғынбай жастардың өзекті мәселелелері және оны шешу жолдарын талқыға салды. Қаладағы ...

Толығырақ »

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТЕДІ

Бүгінде еліміз бойынша статистикалық мәліметтерге сүйенсек, он қазақстандықтың тоғызында несие бар. Соның ішінде 1 млн.200 мың қазақстандықтың несиесін төлеу мерзімі 90 күннен асып кетіп, есеп-шоттары бұғатталған. Дәл сондай проблема Түлкібас ауданында да жетерлік. Мәселен, аудан бойынша 1800 адам несиесін уақытылы төлемей, есеп-шоттары бұғатталған. Бұл туралы бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Аманат» партиясының аудандық филиалының ұйытқы болуымен өткен кездесуде «Қарызсыз ...

Толығырақ »

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН МАЛ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ БОЛЫП ОТЫР

Бүгінде Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірумен айналысатын шаруалардың бас ауруына айналған мәселенің бірі қараусыз қалған малдардың егістік алқаптарына кіріп кетуі болып тұр. Осы ретте, бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары М.Жанесеннің төрағалығымен аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев, ауылдық округ, кент әкімдері, жер мамандары және ауыл шаруашылғы тауарларын өндірушілердің қатысуымен жиын өтті. Жиында аудандық ауыл шаруашылығы және жер ...

Толығырақ »

АРМАН СӘБИТОВ: «НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІП, НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ»

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен кезекті рет аппараттық мәжіліс өткізілді. Күн тәртібінде екі мәселе көтерілді. Алдымен Сайрам Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ақылбай Жақыпбеков Сайрам ауданында «Отбасының цифрлық картасы» АЖ-нің деректерін өзектендіру бойынша баяндады. Атап айтқанда, «Отбасының цифрлық картасы» АӘЖ-нің әл-ауқат деңгейі, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ТРАНЗИТТІК РЕЙСТЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қазіргі таңда қала әкімдігі Шымкентті Орталық Азиядағы көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар жүк тасымалдаушыларды тарту бойынша да жетістіктер бар. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтіп, болашақта толыққанды көлік-логистикалық державаға айналдыру қажеттігін атап өткен болатын. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының әуежайлары мультимодальды орталықтарға айналып, жүктерді жинау және тарату ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АУЫЛ ӘКІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Кездесудегі басты мақсат Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 8 шілдесінде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру. Бұнымен қоса, Түлкібас ауданы әкімнің орынбасары, аудандағы әдеп жөніндегі өкіл Е.Орманов мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы ...

Толығырақ »

САЙРАМДА МАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен келді. Ветеринария және жер саласы мамандарымен Сайрам ауданында мал қозғалысын қадағалау және аудан аумағындағы заңсыз құрылыстарды ретке келтіру бойынша комиссия отырысына қатысты. Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында төрт түлік туралы түйткілді мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары мәселе бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіп, ...

Толығырақ »

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев шомылу маусымының қорытындысы бойынша баспасөз брифингін өткізді. Нұржан Нұрханұлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, балаларды суда жүзуге тегін үйрету, заң талаптарын бұзушыларды жауапқа тарту, жалпы шомылу маусымының қорытынды нәтижелерін баяндады. Қалада суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Ал шомылуға тыйым ...

Толығырақ »

Мәжілісте жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков орталық жылу қазандығында анықталған ақауларды ай соңына дейін толық аяқтауды тапсырған болатын Бүгінгі аппараттық мәжілісте Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тілеш қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтардың жеткізілгенін, тапсырма мерзімінде орындалатынын баяндап, өзге де атқарылған жұмыстардың есебін ұсынды. О.Жандосов көшесіндегі қоршауға, Теміржол вокзалы аумағын абаттандыруға байланысты ескертулердің жүзеге асырылу жайы да баяндалды. Қала әкімінің кеңесшісі Мадияр ...

Толығырақ »

ОТБАСЫ- ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ

Облыс орталығында «Отбасылық демалыс- бақытты болашаққа инвестиция» отбасылық сайысы өтті. Жарыс 8 қыркүйек- Отбасы күніне орай ұйымдастырылды. №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен ойында түркістандық 4 отбасы жарысты. Олар өздерінің отбасын ерекше таныстыру өткізу рәсімі мен түрлі спорттық сайыстар арқылы сыналды. Жарыстың ашылуында қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, Дене шынықтыру және Спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев сөз алып, шара мақсатына ...

Толығырақ »

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 530 НЫСАНДА ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ЖАРНАМА АНЫҚТАЛДЫ

Шаһардағы маңдайшалар мен жарнамалардың талапқа сәйкестігі күнделікті бақылауда. Түркістан қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімі қаладағы кәсіптік нысандарды аралап, қадағалау жүргізуде. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, аралау нәтижесінде 530 нысанда заңсыз орнатылған жарнамалар анықталған. Оларға түсіндірме жүргізіліп, 234 нысанда жарнамалар заңға сәйкес жойылып, 62 маңдайша талап бойынша тіркеуге алынды. Айта кетейік, ережеге сәйкес, ілінген жарнама, маңдайша немесе хабарлама иелеріне ескерту берілгеннен кейін ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Елімізде сәуір айынан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жөнінде Президентіміз соңғы Жолдауында: «Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге ...

Толығырақ »