Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2025 » Ноябрь (страница 2)

Месячные архивы: Ноябрь 2025

АӘК ТАҒАЙЫНДАУ ТЕТІГІ ЖӨНІНДЕГІ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша жүргізілген жұмыстар аясында Мансап орталығы мен жергілікті органдардың міндеттері нақты бекітілген. Қолданыстағы қағидаға сәйкес, орталық өтініш білдірушімен жеке жоспар әзірлеп, әлеуметтік келісімшарт жасайды. Бұл келісімшарт бойынша мамандар азаматтарға кеңес беру, қажетті ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ҚАЛАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 105 ТҰРҒЫН ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Шымкент қаласында 2025 жылдың 18 қарашасында қала әкімінің тапсырмасымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Көрме» орталығында ұйымдастырылып, нәтижесінде 105 адам жұмысқа жолдама алды. Жәрмеңкеге жалпы саны 700-ден астам адам қатысты. Бұл іс-шараның басты ерекшелігі – әлеуметтік осал топтардың өкілдерін жұмыспен қамтуға басымдық беруі. Жәрмеңкеге пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар, ...

Толығырақ »

ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САЛТАНАТ САРАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары Сайрам тұрғын алабындағы М.Жалил көшесінде орналасқан «Shinar» салтанат сарайына жүргізген тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Бастапқыда нысан 1 қабатты шайхана ретінде пайдалануға қабылданғанымен, меншік иесі оны рұқсатсыз қайта құрылыс жасап, 2 қабатты салтанат сарайына айналдырып келген. Тексеру нәтижесі бойынша нысанның ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заң талаптарын сақтамай реконструкцияланғаны ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 341 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА АЛЫНДЫ

2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы қала инфрақұрылымын дамыту мақсатында 341 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алынды. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына және қала әкімдігінің тиісті қаулыларына сәйкес жүргізіліп отыр. Аталмыш учаскелердің 298-інің иелеріне ақшалай өтемақы төленсе, 43 жер учаскесінің иесіне тең бағалы жер телімдері ұсынылды. Қазіргі уақытта мегаполис үшін маңызды көлік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүзеге асыруға ...

Толығырақ »

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА БІРҚАТАР МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Желтоқсан айында Шымкент қаласында тұрғындар мен қонақтар үшін мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады. 6 желтоқсан сағат 11:00-де Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында оқушылар арасындағы «Мен елімді жырлаймын» республикалық айтысы өтеді. Айтысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген жас ақындар қатысып, өз өнерін көпшілікке ұсынады. 9–10 желтоқсан күндері «Қызғалдақ» сарайында «Шымкент сазы» республикалық эстрадалық ән байқауы ұйымдастырылмақ. Байқауда елдің түкпір-түкпірінен іріктелген жас орындаушылар ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ШАТҚАЛДАР МЕН ТАБИҒИ КЕҢІСТІКТЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты екі шатқал қызмет көрсетеді. Қала әкімдігі бұл жасыл аймақтарды сақтап қалуға және оларды тұрғындар үшін қолайлы демалыс орындарына айналдыруға басымдық беруде. «Шымсая» шатқалы – Қаратау ауданында орналасқан және аумағы 8 гектарды құрайды. Бұл шатқал қаланың жасыл белдеуін нығайтуда үлкен маңызға ие. Қазіргі таңда шатқалды «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (КММ) жүйелі түрде ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ КАРТОП БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласына картоп негізінен Павлодар және Қарағанды облыстарынан жеткізіледі, сондықтан оның бағасы тікелей өндіруші өңірлердегі жағдайға тәуелді. Қазіргі таңда бұл аймақтардан келетін картоп бағасы біршама қымбаттап, қаладағы көкөніс базарларында бөлшек саудада 200–270 теңге аралығында сатылуда. Бағаны тұрақтандыру мақсатында қалада «айналым механизмі» іске қосылып, сауда желілерінде картоп бекітілген баға – 180 теңгеден сатылады. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарымен 21 мың тонна картопқа ...

Толығырақ »

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА САПАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Шымкент қаласында кешкі уақытта ауада түтіннің байқалуының негізгі себептері: ауа температурасының төмендеуі, желдің болмауы, автокөліктердің көп шоғырлануы және жеке секторларда құрғақ шөп пен күзгі жапырақтарды жағу жағдайларының артуы. Қала аумағының атмосфералық ауа сапасы «Қазгидромет» мекемесіне тиесілі 7 бақылау бекеті (4 қолмен сынама, 3 автоматтандырылған) арқылы үздіксіз бақыланып келеді. Қазіргі уақытта жоғарғы және экстремалды ластану фактілері тіркелген жоқ. 2025 жылғы 23–24 ...

Толығырақ »

ҚАЛАДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АХУАЛ: ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдарының өндірісінде жалпы 169 қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-сі сотқа жолданды. Ең көп тіркелген қылмыстар – алаяқтық (61 іс), ұрлық (41 іс), есірткі заттарын заңсыз айналымға байланысты (12 іс) және жол-көлік оқиғаларына қатысты істер (10). Алаяқтықтың басым көпшілігі интернет алаяқтыққа қатысты болып, оның негізгі тәсілдері тауарлық жарнамалар арқылы сатып алу, инвестиция жасау арқылы ақшаны көбейту ...

Толығырақ »

Шымкенттегі Қызылжар-2 шағынауданы толыққанды инженерлік инфрақұрылымға қосылды

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданында бірнеше жылдан бері өзекті болып келген инженерлік инфрақұрылым тапшылығы мәселесі біржола шешімін тапты. Биыл көктемде қала әкімінің Абай ауданы тұрғындарымен өткен көшпелі кездесуінде Қызылжар-2 шағынауданының тұрғындары ең өзекті мәселенің бірі ретінде инженерлік инфрақұрылымды көтерген болатын. Тұрғындар ұзақ уақыт бойы ауыз су тапшылығын сезініп, мұнда электр энергиясы мен газдың берілуі тұрақсыз болған. Көгілдір отынды ...

Толығырақ »

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда

Шымкент қаласында экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы белсенді түрде іске асып жатыр. Қаланы көгалдандыру мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану мәселесін басым бағыт еткен мегаполис әкімдігінің бастамасы бүгінде нақты нәтижесін бере бастады. Қошқар ата — Шымкенттің тарихи-мәдени ландшафтының өзегі саналатын ерекше табиғи нысан. Сондықтан өзенді қалпына келтіру жобасы тек инфрақұрылымдық жаңарту ...

Толығырақ »

ЭПИЛЕПСИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ОРНАТЫЛУДА

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирург-дәрігерлері эпилепсия диагнозы қойылған балаларға VNS (вагус нервінің стимуляциясы) құрылғыларын орнатуда. Қазіргі таңда бірнеше күрделі ота сәтті шықты. VNS терапиясы – дәрі-дәрмекпен ем нәтиже бермеген жағдайда қолданылатын заманауи әдіс. Арнайы импульс генераторы денеге жүйелі электр импульстарын жіберу арқылы эпилепсиялық ұстамалардың жиілігі мен ауырлығын төмендетеді. Қазіргі таңда ауруханада 4 балаға VNS құрылғысы орнатылды, ал бесінші пациентке ...

Толығырақ »

КІТАП ОҚИТЫН ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкент қаласында ерекше қарқынмен жүзеге асуда. Қала бойынша жобаға 66 000 адам қатысуда. Оның ішінде: 26 099 оқушы, 18 233 студент, 6 114 педагог, 15 510 отбасы және 546 мемлекеттік қызметкер бар. Жоба қатысушылары арасында шынайы интеллектуалды орта қалыптасып, кітап оқу күнделікті ...

Толығырақ »

От дефицита к развитию

Микрорайон «Кызылжар-2» в Шымкенте полностью подключен к полноценной инженерной инфраструктуре В микрорайоне «Кызылжар-2» Абайского района города Шымкента окончательно решена проблема дефицита инженерной инфраструктуры, которая была актуальной в течение нескольких лет. Напомним, этой весной на выездной встрече акима мегаполиса с жителями население этого микрорайона назвало нехватку питьевой воды, нестабильное электроснабжение и отсутствие природного газа самыми острыми социальными проблемами. Глава города дал ...

Толығырақ »

ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

Шымкентте өткен «MIRAS» халықаралық түркі сәндік этнодизайнерлер форумының екінші күні шеберлік сағатымен жалғасты. Түркі әлемінің қолөнері мен сәндік мұрасын жаңғыртуға бағытталған басқосу жоғары деңгейде өтті. Шеберлік сағатына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркиядан келген этнодизайнерлер мен қолөнер шеберлері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, көне өнерді жаңаша форматта дамыту жолдарын талқылады. Қатысушылардың ортақ пікіріне сүйенсек, бұл шара — тек сәндік өнер мамандары ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙДЫҢ «ҚАЛАМҒА ҚОНҒАН ҚҰТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шымкенттегі «Қызғалдақ» сарайында талантты журналист, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығының иегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібайдың «Қаламға қонған құт» атты кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты шара белгілі ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Нармахан Бегалыұлының ақ батасымен ашылды. Жиынға Астанада мен Алматыдан келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, жалпы Оңтүстік қана емес, көршілес ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ УЛЫ ГАЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Еңбекші ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Аудандық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Мемлекеттік өрт бақылау басқармасымен, Еңбекші ауданы әкім аппаратымен және Газ-техникалық инспекция мамандарымен бірлесе отырып, Көксай-1, 2, 3, Орманшы, Айнатас және Шаңырақ тұрғын алаптарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар ең алдымен “Өрт қауіпсіздігі” және “Улы газдың алдын алу” бағыттары бойынша тұрғындарға жан-жақты ақпарат беріп, тұрмыста ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында ұлттық спорт түрі — қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды. Жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеде жалпы 481 палуан бақ сынайды. Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, командалар сап түзеді. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев, қалалық қазақ күресі федерациясының басшысы Асхат Мәуленов палуандарға сәттілік тілеп, алдағы жауапты жарыстарда жоғары ...

Толығырақ »

Халықаралық кондитерлер додасы өтіп жатыр

Бүгін Шымкентте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері арасында CHOCOLATINE KAZAKHSTAN-2025 халықаралық байқауы басталды. Байқау Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі базасында өтіп жатыр. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылын қолдау, жұмысшы кәсіптердің мәртебесін арттыру және оларды кеңінен дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған. Байқау Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі мен Францияның COUPE ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН «ENGLISH FOR EVERYONE» АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында жастардың білімін дамытуға, олардың тілдік қабілетін шыңдауға бағытталған маңызды жоба — «English for everyone» тегін ағылшын тілі курсы өз жұмысын ресми түрде бастады. Бұл бастама – қазіргі жастардың әлемдік білім кеңістігіне араласуына, халықаралық мүмкіндіктерге жол ашуына жасалған нақты қадамдардың бірі. Жобаның жүзеге асуына «Top Generation School» директоры әрі ментор Айгерім Шерім ұйытқы болып отыр. Ол жастарға сапалы білім ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 341 УЧАСКЕ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА АЛЫНДЫ

2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы тарапынан 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынды. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына сәйкес, қала әкімдігінің қаулылары негізінде жүзеге асырылуда. Соның ішінде 298 жер учаскесінің иесіне мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде қаржы төленді, ал 43 учаскеге тең бағалы жер учаскесі берілді. Қазіргі таңда мегаполиске маңызды нысандардың құрылысына қарастырылған жер ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл бастама Шымкент қаласының әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасында 2025-2028 жылдары бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында іске асырылып отыр. Жаңа консулдықтың ашылуы Франция мен Шымкент қаласы арасындағы дипломатиялық, экономикалық, мәдени және ғылыми байланысты одан әрі нығайтуға серпін береді. Сонымен қатар, өңірге инвестиция жұмылдыруға, бірлескен жобаларды жүзеге ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ЖАЗҒЫ СУРДЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Шымкент қаласының спортшылары табысты өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. 65 келі салмақ дәрежесінде күрескен Шадияр Пернеш барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып жазғы Сурдлимпиадалық ойындарының чемпионы атанды. Сонымен қатар, 86 келі салмақта сынға түскен Рсалы Сабыржан да жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол жартылай финалда грек спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, Сурдлимпиаданың қола жүлдесіне ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНЕ АРНАЛҒАН L-410 ҰШАҒЫН ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне арналған көп мақсатты жаңа L-410 ұшағын қабылдау рәсімі өтті. Бұл әуе кемесі – министрліктің жаңартылып жатқан әуе паркіндегі үшінші ұшақ және төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттыра алады. Салтанатты рәсімге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев, қалалық ТЖ департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев, «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Алпамыс Қамалов қатысты. ...

Толығырақ »

В Шымкенте встретили третий самолет L-410 для МЧС Казахстана

В международном аэропорту Шымкента состоялась торжественная церемония приемки нового многоцелевого самолёта L-410, приобретённого для Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан. Воздушное судно стало третьим в составе обновляемого парка МЧС и призвано значительно повысить оперативность реагирования на чрезвычайные ситуации. В церемонии приняли участие заместитель акима города Шымкент Берик Беркимбаев, начальник ДЧС города Шымкент Куанар Базарбаев, генеральный директор АО «Казавиаспас» Алпамыс Камалов, ...

Толығырақ »