Биыл Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылының Кеңес одағы кезінде тартылған су құбыры толығымен қайта құрылымдаудан өтпек, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жерде 45 жылдан астам уақыт бұқараға қызмет етіп келген 49 шақырымнан астам су құбыры толығымен жаңартылып, нәтижесінде 403 абонент жаңа жүйеге қосылып, 24 сағат сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Аталған елді мекенге ...
Толығырақ »Годовые архивы: 2024
САРАПХАНАЛЫҚТАР «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының төртінші аптасы «Өнегелі ұрпақ» тақырыбымен аталып, апталық барысында ардагерлерге, қарттар мен жасы үлкен кісілердің үйлеріне, демалыс орындарына және аула жайларына тазалық жұмыстарын жүргізу ұсынылған, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы орайда, Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округінің мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлері, белсенді жастары мен ауыл ...
Толығырақ »«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ҚАРТТАРДЫҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» аптасы аясында ауданның әлеуметтік сала қызметкерлері ауылдық округтегі жалғызілікті қарттардың ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қарттарға көмек қолын созған еріктілер бау-бақшасы күл – қоқыстан тазалап, тырмалап, жеміс ағаштарының қураған бұталарын қырқып, тұрғын үйдің қас бетін әктеді. Бау –бақшасына ағаш, гүл көшеттерін егіп, ...
Толығырақ »КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Бүгінгі күні Абай ауданы бойынша кенеге қарсы залалсыздандырудың көктемгі маусымы жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кенеге қарсы дәрілеу шаралары Алтынтөбе, Қайнарбұлақ елдімекендегі қолайсыз мал қоралары, буферлік зоналар мен санитариялық-қорғаныс аймақтарын қамтиды. Жалпы залалсыздандыру жұмыстары 457 000 шақырым жерде жүргізілді. Құрметті аудан тұрғындары табиғатқа демалысқа шыққанда, егіндік, мал шаруашылығымен айналысқанда, сондай-ақ, балық аулау, ...
Толығырақ »ПОЛИЦИЯ СПОРТ ДҮКЕНІНЕН КИІМДЕР ҰРЛАҒАН 3 ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ
Түркістан қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 3 жас жігіттерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Анықталғандай, күдікті жігіттер киім дүкенінде әдейі сатып алушы кейпінде келген. Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастаған. Содан кейін ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
«Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарманың қолдауымен мемлекеттік Рәміздер күніне байқау жарияланды. Байқаудың мақсаты — Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, сол арқылы адам бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметті қалыптастыру, сапалы контент жасақтау, шығармашылықты шыңдау. Байқау «Үздік іс-шаралар», «Үздік пост»,«Үздік ролик» номинациялары бойынша өтеді. «Үздік іс-шаралар» номинациясы бойынша: Іс-шараның сценариі, ...
Толығырақ »МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін «Жастар ресурстық орталығында» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарттық агенттігі. Мәжіліске Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері, ардагерлер және белсенді жастар қатысты. Алдымен басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев басқарманың өткен жылы атқарылған шаруалар мен ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Комиссияның бүгінгі отырысы «Еңбек күні» мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды. Отырыстың күн тәртібі әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек қатынастарын, оның ішінде кәсіподақ қызметін реттеудің бірқатар маңызды мәселелерін қамтыды. Атап айтқанда, кәсіподақ бірлестіктері мен кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2024-2026 ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТҰТ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде тұт кластерін дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс аумағында тұт шаруашылығын дамытып, одан жібек мата өндіру мақсатында Түлкібас ауданы әкімдігінің тікелей қолдауымен климаты тұт шарушылығына қолайлы аймақ болып саналатын ауданда биыл тұт ағаштарының көшеттерін кемінде 10 гектар жерге егу жоспарлануда. Бекітілген меженің бүгінгі таңда 5 гектарына көшет егу жұмыстарын Арыс ауылдық округіне қарасты «Нұрлан» ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына арнайы іссапармен барып, аймақта іске асып жатқан жобаларды бақылады. Бірінші кезекте «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС-не табан тіреп, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Жылына 100 тонна каустикалық сода, 120 мың тонна поливинилхлорид (ПВХ) және 1 млн. тонна цемент өндіретін кешеннің жоба құны 159,9 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда зауытқа қажетті инфрақұрылым толық ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС: БИЫЛ ҚАРААҒАШТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ОРТАЛЫҚ КӨШЕСІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Елімізде түрлі ұлттық жобалар аясында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Жалпы елдің дамуында, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуында ұлттық жобалар шешуші рөл атқарады. Оларды жүзеге асыру мемлекет алдында тұрған түрлі міндеттер мен мәселелерді шешуге ықпал етеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Дәл осындай жобалардың бірі 2021-2025 жылға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Мемлекет басшысы ұлттық жобаның ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ АУЫЛДЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРТЫЛУДА
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, биыл Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылының Кеңес одағы кезінде тартылған су құбыры толығымен қайта құрылымдаудан өтпек. Бұл жерде 45 жылдан астам уақыт бұқараға қызмет етіп келген 49 ...
Толығырақ »Түлкібастық жас кәсіпкер сабын өндірісін ашып, кәсібін дөңгелетуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде халықтың табысын арттыру, жанар жағармайдың бағасын тұрақтандыру, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы және бизнестің «Бизнестік жол картасы» бағдарламалары шеңберінде Оңтүстік өңірлер үшін жекелеген бағыттар әзірлеу жүктелді. Сондықтан бұл бағдарламаларға баса назар аударылуда. Облысымызда осы бағыттарда жұмыс күшейтілу барысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Еліміздегі «Ауыл – ел ...
Толығырақ »«АҚ — БҰЛАҚТЫҢ» ӨНЕГЕЛІ ІСІ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
Бүгінгі таңда ауылдардың инфрақұрылымын дамыту «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша ...
Толығырақ »Түркістан қаласының әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өті
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, денсаулық саласында көрсеткіштердің орындалуы, қала аумағындағы трансформаторларға қатысты туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары, электр жүйелердің инвест жобаларының атқарылуы, ретсіз сауда жарнамаларын ретке келтіру бойынша атқарылған жұмыстар сараланды. Мәжіліс басында қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев «Таза Қазақстан» республикалық акциясының барысы, сенбіліктер мен оны ұйымдастыруда мекемелер және сектор белсенділігінің есебін ұсынды. ...
Толығырақ »«БАЛА — КӨРГЕНІН БОЙЫНА ЖИЫП, ҚҰП КӨРГЕН АҚЫЛЫН САНАСЫНА ТҮЙІП ӨСЕДІ»
«Демек, жасөспірімдердің қатысуымен қандай да бір келеңсіздік орын алса, кінәліні іздеумен емес, өзімізді түзеумен айналысуымыз керек». Бүгін мектеп директорларымен, тәрбие ісіне жауапты мамандарымен, ата-аналар комитеті өкілдерінің қатысуымен «Өнегелі ұрпақ тәрбиесі – ортақ міндет» тақырыбында өткен алқалы кеңесте қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков осылай деді. Қаңтар айында өткен алғашқы кеңесте келісілген мәселелер бойынша қалалық Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев баяндап өтті. Құқық ...
Толығырақ »ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКО- АКЦИЯ АЯСЫНДА РЕПЕТИЦИЯ ӨТКІЗДІ
Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арықтардың көзін ашқан. Бүгінде Президентіміздің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсуде. Мәдениет қызметкерлері кезекті дайындығын табиғат аясында ерекше өткізді. Монолог оқып, өлең айтқан өнерлілер бұл жолы қолдарына микрофон емес, күрек пен сыпырғы ұстады. Тұңғыш Президент саябағында өткен шарада ...
Толығырақ »«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ
Бұл апта- «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Бұл апталық аясында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтары тазаланады, абаттандырылады. Ондағы мақсат — қаладағы жалғыз ілікті қарттарға, ардагерлерге, қарттарға көмектесіп жылулық сезімін жеткізу, сол арқылы басқаларға өнеге көрсету. Өйткені, «Атаңа не қылсаң, алдына сол келеді» – дейді қазақ, сондықтан қай уақытта болмасын ересектерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «TURKISTAR» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Түркістан қаласында «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арасындағы ән жанры бойынша облыстық өнер фестивалі өтті. Байқауды облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Бүгінгі байқау мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткізіліп отыр. Дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш фестиваль халық ...
Толығырақ »ХҚКО-ЛАР МЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО-ЛАРДЫҢ МЕРЕКЕЛІК КҮНДЕРДЕГІ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді. 4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
“Таза Қазақстан” акциясының “Жасыл аймақ” апталығы аясында Түркістанда экологиялық іс-шара өтті. Ауқымды шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал қызметкерлеріде қатысты. “Жібек Жолы” саябағында көшет егіп қаланы жасылдандыруға үлесін қосты. Саябақ аумағында көпшілік күшімен 100 ден аса ағаш көшеті отырғызылды. “Мемлекеттік корпорацияға” қарасты аудан қалалардағы бөлім қызметкерлері де акциядан қалыс қалған жоқ. Өзіне қарасты аумақта ...
Толығырақ »Шымкентте халықтың 81 пайызы МӘМС жүйесімен қамтылған
Шымкент қаласында тұрғындардың басым көп саны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылып отыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 миллион 229 мың адамды құраған болса, олардың 81 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. 220 мың 554 адам сақтандырылмаған. Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жалғастыруда. Сондай-ақ, Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ IT HUB АШУҒА МҮМКІНДІК КӨП
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңызын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтіп, Astana Hub тәжірибесін кеңінен насихаттап, өңірлерде дамыту міндетін қойған болатын. Өңірлік хабтар ұйымдастыру, аймақтарда IT-саланың дамуына жол ашады. Осыған орай, қаламыздағы Көрме орталығында «Google Devoloper Groups» тақырыбында ІТ конференция өтті. Конференцияға мегаполистегі стартап жобалары бар жоғары оқу орындары, сала бойынша білім ...
Толығырақ »ШИРЕК ҒАСЫР БЕКЗАТ ӨНЕРГЕ БАУЛЫҒАН МЕКТЕП
Бүгін “Түркістан сарайында” сұлулық пен нәзіктік салтанат құрды десек болады. Талдырмаш мүсін, аққу құстай әсемдік, сырбаздық концерт залын баурап алды. Шіркін, сұлу өнердің костюмдерінің өзі бір төбе ғой. Бұл бекзат өнерді дәріптеген “Мейір” балет мектебінің 25 жылдық “Ширек ғасыр шыңдары” атты мерекелік концерті еді. Республикаға танымал мектептің мерейтойына елімізге белгілі өнер ұжымдары, “Гүлдер” ансамблі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы ұжымынан ...
Толығырақ »БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖЕЛАЯҚТАР
Адам жаны қашанда мейірімділік пен саулықты қалайтыны ақиқат. “Бірінші байлық – денсаулық” деген аталы сөз де оның маңыздылығын көрсетеді. Сол себепті елге жаңа ауруханалар салу мен заманауи медициналық технология әкелуге баса көңіл бөлініп отыр. Ал денсаулық сыр бермей, көңіл қош болсын десек, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Осы орайда, бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан ...
Толығырақ »